22 Қараша 2026, 12:01
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Ливан президентіне құттықтады
Қазақстан президенті Ливан басшысына екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықтың нығая беруіне тілектестігін білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Джозеф Халил Аун мен оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қазақстан Президенті берік достық пен өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан көшбасшысының жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Ливан халқына бақ-береке тіледі.