15 Тамыз 2026, 11:01
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент Қазақстан мен Лихтенштейн арасындағы достық қарым-қатынас пен өзара құрметті жоғары бағалайтынын атап өтті.
Мемлекет басшысы Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Тақ мұрагері Алоизді Лихтенштейн Князьдігінің Ұлттық күнімен құттықтады.
Қазақстан Лихтенштейнмен көп жылғы достық қарым-қатынасты және өзара құрметті жоғары бағалайды. Тиімді ынтымақтастығымыз екі ел халықтарының игілігі жолында нығая беретініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Тақ мұрагері Алоиздің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Князьдік халқына бақ-береке тіледі.