Бүгiн 2026, 09:31
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Кувейт Әмірін құттықтады
Президент Кувейт Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады.
Мемлекет басшысы Кувейт Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах пен оның отандастарын Кувейт Мемлекетінің Ұлттық күнімен құттықтады.
Президент достық пен өзара қолдауға негізделген екіжақты қарым-қатынастар халықтарымыздың игілігі жолында алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірді.