Мемлекет басшысы Кореяның жаңа президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңді Корея Республикасының президенті болып сайлануымен құттықтады.
Президент екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жандандырып, түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін күш-жігер жұмылдыруға дайын екенін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңнің аса жауапты қызметіне сәттілік, достас Корея халқына құт-береке тіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Инватакси қызметіне 182 мыңнан астам тапсырыс берілді
Өзгелердің жаңалығы