Мемлекет басшысы Италия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Италия Премьер-министрі Джорджа Мелонимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, Эмилия-Романья аймағында болған жойқын су тасқыны салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Премьер-министрге және барша Италия халқына көңіл айтты. Әңгімелесу барысында екі ел басшылары саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

Былтыр екі елдің өзара тауар айналымы 15 миллиард долларға жуықтады. Елдеріміз экономиканың түрлі саласында тығыз қарым-қатынас жасап келеді. Қазақстанда Италияның 270-тен астам компаниясы табысты жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ мемлекеттер басшылары энергетика, көлік, өнеркәсіп кооперациясы және ауыл шаруашылығы салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру аясындағы ынтымақтастық перспективаларын қарастырды.

Бүгін Қазақстан Республикасының Президентімен телефон арқылы сөйлестім. Рим мен Астана арасындағы екіжақты қарым-қатынастың тамаша деңгейін және оларды одан әрі нығайту туралы риясыз сөз қозғадық. Президент Тоқаевқа Эмилия-Романьяда болған су тасқыны салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Италия Үкіметіне көңіл айтқаны үшін алғыс айтамын, – деп жазды ол Twitter-де.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ақорда
Өзгелердің жаңалығы