Мемлекет басшысы Ислам ынтымақтастығы ұйымының Бас хатшысы Хиссейн Брахим Тахамен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кездесу барысында Қазақстан Президенті мен ИЫҰ-ның Бас хатшысы аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер туралы, сондай-ақ Қазақстан мен Ислам ынтымақтастығы ұйымы арасындағы ықпалдастықты одан әрі тереңдетудің перспективалары жөнінде пікір алмасты. 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев ИЫҰ-ның саяси, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық және гуманитарлық салаларда байланыстар орнатуға ықпал ететін инклюзивті платформа ретіндегі жұмысын жоғары бағалады. 

Мемлекет басшысы Ислам ынтымақтастығы ұйымымен арадағы іс-қимылдар туралы айта келе, Қазақстанның Ұйым аясында мұсылман елдерімен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге бейілді екенін нақтылады. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Хиссейн Брахим Таханы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысуға шақырды. Бұл форум биыл күзде Қазақстан астанасында өтеді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы