Мемлекет басшысы Иран Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Иран Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бендер-Аббас қаласының «Шахид Раджаи» теңіз портында болған жарылыстан адамдардың қаза табуына және көптеген азаматтың жарақат алуына байланысты Иран Президенті Масуд Пезешкиан мен оның отандастарына көңіл айтты, - делінген хабарлмада.

Қазақстан Президенті жарақат алған жандардың сауығып кетуіне, сондай-ақ апат салдарын тезірек еңсеруге тілектестік білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы