Мемлекет басшысы Hikvision компаниясының офисіне барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Ханчжоуда әлемдік нарыққа инновациялық өнімдерді шығаратын көшбасшы Hikvision компаниясына барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қытай Халық Республикасына жасаған екі күндік мемлекеттік сапарының барысында Чжэцзян провинциясындағы Ханчжоу қаласына келді. 


Компанияның Басқарма төрағасы Чэнь Цзуннянь Мемлекет басшысына Hikvision компаниясының қызметі туралы айтты. Сонымен қатар, Орта Азия бойынша қолға алынған коммерциялық жобалардың атқарылу жайымен таныстырды. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның робототехника саласында, үлкен деректерді өңдеу, жасанды интелект және заманауи технологиялар бағытында жасалған жұмыстарын көрсетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы