Мемлекет басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовке көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовке анасы Огулабат Бердімұхамедованың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Анаңыз – қадірлі Огулабат Бердімұхамедованың қайтыс болғаны туралы қаралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Огулабат эдженің өмір жолы өз Отанына және халыққа деген шынайы сүйіспеншіліктің, сондай-ақ даналықтың, рухани байлықтың және үлкен мейірімділіктің үлгісі саналады. Орны толмас қайғыңызға ортақтаса отырып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге және жақындарыңызға көңіл айтамын, – деп жазылған жеделхатта.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовке көңіл айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы