3 Қазан 2024 2024, 15:31
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Германияның Федералдық Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайер мен барша Германия халқын Бірлік күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайер мен барша Германия халқын Бірлік күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Германия Федеративтік Республикасының өркендей беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ Қазақстан мен Германияның дәстүрлі достық пен өзара тиімді серіктестік рухындағы ынтымақтастығы одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайердің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Германия халқына бақ-береке тіледі.