Мемлекет басшысы ExxonMobil Production Company президентімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті ExxonMobil Production Company президенті Нил Даффинмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Мемлекет басшысы жемісті ынтымақтастық үшін ризашылық білдіріп, Қазақстанның ExxonMobil Production Companyмен бірқатар ірі көмірсутек жобалары бойынша тығыз жұмыс істеп жатқанын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі тиімді шараларды әзірлеуге бүгінгі кездесудің жақсы мүмкіндік беретінін айтып, туындаған мәселелерді келісіп шешудің маңыздылығына назар аударды.
Нил Даффин Шетелдік инвесторлар кеңесі Қазақстанның шетелдің бизнес өкілдерімен диалог орнату үшін маңызды алаң екенін айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбеліктер жиырмаға жуық бұлақтың көзін ашты
Өзгелердің жаңалығы