Мемлекет басшысы этномедиация орталығын құруды тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттік органдарға этно- медиация орталығы құру жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырды.

Ассамблея медиация негізінде кәсіби келіссөз жүргізушілердің бірегей институтын қалыптастыруға кірісті.  Бұл жұмыс құптауға лайық, бұл бизнеске мүлдем жаңа көзқарас болмақ.  Бұл жұмысты нақты қолданбалы негізде қою қажет.  Этномедиация  жөніндегі оқыту орталығын құру қажет.  Аудандық деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлердің көпшілігі оқытылатын тұрақты курстарды ұйымдастыру қажет, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА 31-сессиясында.

ҚР Президенті Ақпарат және қоғамдық даму, Білім және ғылым министрліктеріне ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен, ҚХА хатшылығымен бірлесіп, аталған мәселе бойынша жүйелі ұсыныстар енгізу тапсырылғанын атап өтті.

Ассамблея дайындаған медиаторлар қоғамдағы зорлық-зомбылық деңгейін төмендетуге, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтармен тиімді күресуге, сондай-ақ әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстардың алдын алуға зор үлес қосатынына сенімдімін, - деді Мемлекет басшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы