Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық қордан бөлінген мақсатты трансферттердің пайдаланылуы бойынша жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындылары жөнінде есеп берілді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Аталған аудит аясында жалпы құны 290 миллиард теңге болатын 20 нысан қамтылды. Сондай-ақ Ұлттық қордан әртүрлі бағытқа бөлінген 2,2 триллион теңге қаржының жұмсалуына талдау жасалған.
Президент Есеп комитетін Жоғары аудиторлық палата ретінде қайта құру мәселелеріне қатысты тапсырма берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Президент: Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына - 30 жыл
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы