Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясының Президентін қабылдады
Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясының Президенті Маргарета Седерфельтті қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясының Президенті Маргарета Седерфельтті қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маргарета Седерфельтке ілтипат білдіре отырып, оның сапары Қазақстан мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламент Ассамблеясы арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін маңызды екенін атап өтті.
Президент парламенттік дипломатия мемлекеттер мен халықтар арасындағы байланыстарды нығайтуға көмектесетініне назар аударды. Сондай-ақ ауқымды саяси және экономикалық өзгерістердің жүзеге асырылуы туралы айтты.
Маргарета Седерфельт Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды қолдайтынын және ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясы негізгі саяси институттардың жүйелі трансформациялану барысын ерекше қызығушылықпен бақылап отырғанын жеткізді.
Кездесу барысында Астана халықаралық форумындағы (AIF), сондай-ақ аймақтық және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.
- АҚШ 26 жылдан кейін қызылшаны жойған ел мәртебесінен айырылды 00:30
- Зардап шеккендер жоқ: Өскеменде қоғамдық монша өртенді 17.11.2026
- TikTok эфирінде балағат сөз айтқан Семей тұрғыны айыппұл арқалады 17.11.2026
- Қазақстанда электромобильдер саны 43 мыңнан асты 17.11.2026
- Қазақстандық актер Испанияда халықаралық марапатқа ие болды 17.11.2026
- Ауыр атлетикадан ел чемпионатында жаңа жеңімпаз анықталды 17.11.2026
- Шымкентте заңсыз кортеж ұйымдастырған бес жүргізуші жауапқа тартылды 17.11.2026