Мемлекет басшысы Эльвира Азимованы қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының төрағасы лауазымына кірісетін Эльвира Азимованы қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Президент Конституция нормаларының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ететін жаңа орган құрудың маңыздылығын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Сот еліміздегі демократияның негізгі қағидаттарының орнығуына үлес қосып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға зор үлес қосатынына сенім білдірді.
Жаңа орган Конституциялық Кеңестің құзыретіне кірген мәселелер шеңберінен тыс азаматтардың белгілі бір нормативтік құқықтық актілер олардың конституциялық құқықтарын бұзады деп санайтын өтініштерін де қарайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Гүлсара Арыстанқұлова Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы