Мемлекет басшысы демократия сайлау рәсімдерін жетілдіруден басталатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында хабарлады. 

Демократия тарихы дегеніміз – ең алдымен сайлау рәсімдерін жетілдіру тарихы. Сондай-ақ сайлау заңнамаларының сақталуын бақылау тарихы деуге болады. Осы орайда мен байқаушылардың құқықтары мен жауапкершілігі нақты белгіленуі тиіс деп санаймын. Сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде аумақтық сайлау комиссиялары маңызды рөл атқарады, - деп атап өтті Президент. 

Сонымен қатар ол Жеке тұлғалардың сайлау барысына ықпал етуіне жол бермес үшін сайлау қорларына құрбандықтың шектік мөлшерін бекіту қажеттігін алға тартты. 

Былтыр ауыл әкімдерін тікелей сайлау жүйесі енгізілгені белгілі. Осыған байланысты сайлау науқаны бүкіл еліміз бойынша үздіксіз үдеріске айналды. Енді аумақтық сайлау комиссияларының жұмыс тәсілін қайта қараған жөн. Бұл іспен кәсіби түрде айналысу қажет. Біз азаматтың екі рет дауыс беруін болдырмауға тиіспіз. Сондай-ақ азаматтарымыз кез келген учаскіде дауыс бере алуы керек. Сол үшін сайлаушылардың бірыңғай электронды базасын құру мүмкіндігін қарастыру қажет, - деді Мемлекет басшысы.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы