2 Қаңтар 2025 2025, 17:26
Мемлекет басшысы Черногория Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекеті басшысы Черногория Президенті Яков Милатовичке көңіл айту жеделхатын жолдады.
Мемлекет басшысы Черногория Президенті Яков Милатовичке көңіл айту жеделхатын жолдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Цетине қаласында орын алған жантүршігерлік оқиға салдарынан көптеген адамның, соның ішінде балалардың қаза тапқаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.
Президент Черногория халқының қайғы-қасіретіне ортақтасып, жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты. Сондай-ақ зардап шеккен азаматтардың тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.