Мемлекет басшысы Бразилия президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады
Қазақстан Президенті Луис Инасиу Лула да Силваға президент сайлауындағы жеңісіне орай құттықтау жолдады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия басшысы Луис Инасиу Лула да Силваны президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында Бразилия халқының ұлттық егемендікті нығайтуға, елдің әлемдік аренадағы беделін арттыруға, Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалауға және әділетті әлемдік тәртіп қалыптастыруға бағытталған саясатын қолдағанын атап өтті.
Президент Лула, сізді президент сайлауындағы лайықты жеңісіңізбен құттықтаймын. Бразилия халқы ұлттық егемендікті нығайтуға, Бразилияның маңызды әлемдік держава ретіндегі беделін арттыруға, Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалауға және әділетті әлемдік тәртіп қалыптастыруға бағытталған бағытыңызды қолдады, – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, Луис Инасиу Лула да Силва Бразилиядағы президент сайлауының екінші кезеңінде жеңіске жетіп, жаңа мерзімге қайта сайланды.