Мемлекет басшысы болатын адам қоғамда өте белсенді болуға тиіс – Алуа Жолдыбалина

Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина Желмая жобасында президент сайлауына түсетін үміткерлердің қандай болуы керек екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Президенттікке танымал, кәсіби саласында жетістікке жеткен адамдар ұсынылады. Кей мемлекеттерде президент сайлауы қысқартылған мерзімде өтеді. Кандидат президент сайлуына қатысуды аяқ астынан шешпейді. Қоғамдық пікірді қалыптастыра  алатын тұлға болған соң бұрыннан дайын болуы керек. Мемлекет басшысы болатын адам қоғамдық жағынан өте белсенді болуға тиіс, – деді Алуа Жолдыбалина.

Ол президенттің сайлауалды бағдарламасы бұрындары бес жылға жоспарланатынын, қазір әлемдегі және елдегі оқиғаларға байланысты бір жылға жоспарлаудың өзі қиын екенін айта кетті. Десе де адам капиталы, білім беру, денсаулық сақтау, экономика салалары әрқашан да өзекті болып қала бермек.

Әлемдік тәжірибеде ең төменгі жас – 35 жас. Кейбір мемлекеттерде елуден төмен болмауы керек. Бізде – 40 жас. Қазақстанда жастардың жасын 35 жасқа ұлғайтамыз деп жатыр. 35 жасқа дейін жастар санатында болып, әрі қарай бес жылдан кейін президентке ұсыныла алады. Әлемдік тәжірибеде президент болатын тұлғаға 11 жіктеу бар. Көптеген мемлекетте сол елдің азаматы болуы керек деген талап қойылады. Шетелден көшіп келген болса, сайлауға түсе алмайды. Сондай шектеулер өте көп. Сингапурда президент ретінде сайлану үшін мемлекеттік қызметте өтілі болуы керек. Бізде де солай, – деді Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары.

Алуа Жолдыбалина Қазақстанда 900 жуық қоғамдық ұйым президенттікке үміткерлерін ұсына алатынын айта кетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы