Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады BAQ.KZ.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы мәдени орталықтарды өзара құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Бұған дейін Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау өтті. Шара барысында Baq.kz ақпарат агенттігі Президенттің Алғысын алды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақ журналистикасындағы әйелдердің рөлі
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы