Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы «Қоғамдық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау, әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы