Мемлекет басшысы бірқатар Заңдарға қол қойды
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Каспий теңізіндегі Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын межелеу және балық аулау аймақтарының шектес учаскелерін бөлу туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды,- делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Мемлекет басшысы «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Ресей Федерациясының азаматтары болып табылатын Еуразиялық экономикалық комиссияның және Еуразиялық экономикалық одақ сотының лауазымды адамдары мен қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды,- делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.