Мемлекет басшысы бір топ жас ғалымға пәтер сыйлады
Мемлекет басшысы бір топ жас ғалымға пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстады
Мемлекет басшысы ғалымдарды мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Сондай-ақ, Президент бір топ жас ғалымға пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстады.
Пәтер алғандар тізімі:
1. Мүтәлі Әлішер Қасымбекұлы - Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Ядролық физика институты Астана филиалының Қатты дене физикасы зертханасының аға ғылыми қызметкері.
2. Тленчиева Шырын Муратовна - Әлеуметтану орталығының басшысы, Философия, саясаттану және дінтану институтының аға ғылыми қызметкері.
3. Муслимова Индира Базарбаевна - Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Ядролық физика институты Астана филиалының Тректік мембраналар технологиялық зертханасының аға ғылыми қызметкері.
4. Умирзаков Арман Ганидинович - Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті Физика-техникалық институтының Электрохимия және ванадийлі ағынды батареялар зертханасы меңгерушісінің міндетін атқарушы, ғылыми қызметкер.
5. Елназарқызы Рахия - С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің қауымдастырылған профессорының міндетін атқарушы.
6. Базылханова Эльмира Чаймаксутовна - С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің қауымдастырылған профессорының міндетін атқарушы.
7. Ногай Артур Адольфович - С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің аға оқытушысы.
8. Толеубаев Медет Толеубайулы - Астана медицина университетінің профессор Г.В. Цой атындағы хирургия ғылыми-білім беру орталығы директорының орынбасары.
9. Бейсембаева Акмарал Рашидкызы - Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Астана қаласындағы филиалының аға ғылыми қызметкері.
10. Кумаргазина Мадина Бакытжановна - Ғұмарбек Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің Жылу энергетикасы және физика кафедрасының аға оқытушысы.