Мемлекет басшысы бірқатар Заңға қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, делінген хабарламада.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Кипр Республикасының Үкіметі арасындағы табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасы мен Еуропа Кеңесі арасындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы өкілдерінің және бағалаушы топтар мүшелерінің артықшылықтары мен иммунитеттеріне қатысты келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы