15 Қазан 2026, 23:11 Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттер басшыларымен бірге Ереванда Карен Демирчян атындағы спорттық-концерттік кешенде ұйымдастырылған COP17 қарсаңындағы Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылу салтанатын тамашалады.

Іс-шара аясында мәртебелі меймандарға Жер шарының биоалуантүрлілігін сақтау және табиғатты аялау сияқты жаһандық мәні зор тақырыпқа арналған көрнекті интерактивті шоу көрсетілді.