Мемлекет басшысы Беларусь президентімен телефон арқылы сөйлесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады Ақорданың ресми сайты.
Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Беларусь арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың даму қарқынын оң бағалап, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Тараптар Беларусьтің 2020 жылы Еуразиялық экономикалық одақ ұйымына төрағалық етуіне байланысты еуразиялық интеграция аясындағы өзара іс-қимылдарды одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты.
Президенттер бір-бірін Жаңа жылмен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенкоға жауапты мемлекеттік қызметте табыс, достас беларусь халқына бақ-береке тіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев пен Мирзиёев екі ел арасындағы ынтымақтастықты талқылады
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы