Мемлекет басшысы Бас прокурорды қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіп жайында баяндалды. Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов Төтенше жағдай режимі кезінде қылмыс деңгейінің төмендегенін атап өтті деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Қазақстан Президентіне ірі қылмыстық істердің тергелу барысы және қоғамдық мүддені қорғауға қатысты жұмыстар туралы мәлімет берілді.  

Қасым-Жомарт Тоқаев дағдарысқа қарсы шаралардың орындалуын қатаң бақылай отырып, заңдылықты сақтау, мемлекет пен қоғам мүддесін қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастыра беру қажеттігін айтты. 

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы