Бүгiн 2026, 10:03
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы Бангладеш халқына құттықтау жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Бангладеш Халық Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Бангладеш президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Мохаммад Шахабуддин Чуппу мен оның барша отандастарын Бангладеш Халық Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Бангладеш арасындағы достық және өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас қос халықтың игілігі үшін ұдайы дами беретініне сенім білдірді, - делінген Ақорданың хабарламасында.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мохаммад Шахабуддин Чуппудың жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Бангладеш халқына құт-береке тіледі.