27 Қыркүйек 2026, 18:01 Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды

Мемлекет басшысы армияны жаңа үлгіге көшіру қажеттігін айтты.

Мемлекет басшысы Әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының басшылық құрамымен кеңес өткізді. Мемлекет басшысы ұжымға жаңа Қорғаныс министрін таныстырды.

Жиын Маңғыстау облысында өткен оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 14 әскери қызметшіні бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.