Мемлекет басшысы Арыста зардап шеккендермен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Түркістан облысына жасаған сапарында Қорғаныс министрімен және зардап шеккен тұрғындармен кездесті.
"Қаланы қалпына келтіреміз. Бұл төтенше жағдай. Үкімет қаражат бөледі, көмектеседі, алаңдамаңыздар", - деді Мемлекет басшысы тұрғындармен кездесуінде.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осыған дейін өзінің Твиттердегі парақшасында Арыс қаласына ұшып шығатыны туралы жазған еді.
"Төтенше жағдайлардың зардаптарын жою бойынша атқарылған жұмыспен танысу үшін және тұрғындардың қауіпсіздігі мен оларға қажетті көмек көрсету бойынша нақты шаралардың қабылдануын қамтамасыз ету үшін Арыс қаласына ұшып шықтым", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы