Мемлекет басшысы Қарағандыдағы жаңа емхананы аралады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапарының аясында облыс орталығынан қашық аудандардың бірі – Пришахтинскідегі жаңа балалар емханасына барды.
Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлағандай, жаңа медициналық мекеме бір ауысымда 300 адамды қабылдайды.
«Мемлекет басшысы емдеу кабинеттерін, заманауи медициналық құрал-жабдықтарды қарап көріп, дәрігерлермен әңгімелесті. Сондай-ақ, президентке облыстың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) енгізуге дайындығы жөнінде айтылды», - делінген хабарламада.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, президент Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барып, «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағын мен «Әлфарух» логистикалық орталығын аралап көрді.