Мемлекет басшысы Қарағанды облысының әкімін қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады, жазады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан президентіне өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, соның ішінде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және құрылыс салаларындағы өндірістің өсімі жөнінде есеп берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев облыстағы тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру, соның ішінде көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.

Мемлекет басшысы атаулы әлеуметтік көмекті белгілі бір санаттағы азаматтарға берудің, сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек алатын еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамтудың маңыздылығын атап өтті.

Жеңіс Қасымбек туристік кластер қалыптастырудың перспективалары және Ұлытау ауданында қажетті жол инфрақұрылымы, сондай-ақ, Балқаш көлі аймағы мен Қарқаралы ауданында туризм саласын жаңғырту туралы баяндады.

Президент Қарағанды облысындағы көктемгі су тасқыны жағдайын мұқият бақылауға алып, төтенше жағдайдың алдын алу үшін қажетті дайындық шараларын жүргізуді тапсырды.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы