Мемлекет басшысы Әлихан Байменовті қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Байменовты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов мемлекеттік басқарудағы жаһандық үдерістер туралы мәлімет берді.
Сонымен қатар Президенттің мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту туралы Жарлығын жүзеге асырудың тиімді жолдары талқыланды. Саладағы жемқорлықпен күрес тәсілдерін және мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі мен кәсібилігін үздіксіз дамытып отыру жайында пікір алмасты.
Кездесуде мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік аппараттың жұмысын жетілдіруде халықаралық ынтымақтастықтың маңызды екені айтылды. Сондай-ақ үздік халықаралық тәжірибелерді електен өткізіп, мемлекеттік аппарат жұмысына пайдалану қажет екені атап өтілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Республикалық «Таласбек» сыйлығы жарияланды
Өзгелердің жаңалығы