Мемлекет басшысы Ахметқал Медеуді қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы Ахметқал Медеуді қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ғылыми орталықтың негізгі бағыттары мен оны дамытудың басымдықтары жайында баяндалды.

Ахметқал Медеу Президентке институттың су қауіпсіздігін, табиғи қатерлерді, экология мен картография бағыттарындағы зерттеу жұмыстары туралы мәлімет берді.

Мемлекет басшысы Арал теңізі, Сырдария және Жайық өзендері, сондай-ақ, басқа да бірқатар су қоймаларына қатысты проблемаларды шешу жолында су қауіпсіздігін зерттеу мәселесінің маңызды екенін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы