Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның жаңа құрамын бекітті

Мемлекет басшысы ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның жаңа құрамын бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Комиссия құрамына кіргендер: 

Алауханов Есберген – «Наука и жизнь Казахстана» халықаралық ғылыми журналының бас редакторы;

Бейсембаев Ғани – Қазақстан Республикасының Білім министрі; 

Есқараев Азамат – Қазақстан Республикасының Әділет министрі; 

Артур Ластаев – Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл; 

Нұрбек Саясат – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі; 

Асхат Оралов – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;

 Ударцев Сергей – Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы;

Хасанова Шахноза – «Сана Сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры.

Адам құқықтары жөніндегі комиссия құрамынан кімдер шығарылды 

Президент жарлығына сәйкес, комиссия құрамынан шығарылғандар: 

Дәурен Абаев – Мәдениет және спорт экс-министрі ; 

Эльвира Азимов – Конституциялық сот төрағасы; Қанат Мусин – Конституциялық Соттың судьясы ; 

Еркін Оңғарбаев - Конституциялық соттың судьясы; 

Иоган Меркель – Конституциялық Кеңестің бұрынғы мүшесі. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы