Мемлекет басшысы Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды. 


"Қазақстан президенті Жақсы ауданындағы "Айбат" ЖШС-ның егіс алқабында болып, егін орағының барысын бақылайды. Сондай-ақ, жекеменшік спорт мектебі мен "ТНК" агрофирмасының "Урожай" серіктестігіне қарасты ауылшаруашылық өндірісі кешеніне барады", - делінген хабарламада. 
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы