2025 жылға қарай аса ластанған 10 қала баламалы қуат көздеріне ауыстырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордада өтіп жатқан «Париж келісімінің мақсаттарына және Қазақстанның көміртекті бейтараптығына қол жеткізу жолдары» атты халықаралық конференция барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев хабарлады.

Ауқымды энергетикалық ауысымға дайындалу үшін біз жаңа Экологиялық кодексті қабылдадық. Ол үздік халықаралық стандарттарға сәйкеседі. Кәсіпорындарға экологиялық төлемдерден толықтай босату есебінен өндірісті жаңартуға мүмкіндік берілді. Біз квота сату ұлттық жүйесін парниктік газдар қалдықтарымен қайта құрып, оны сәйкес халықаралық жүйелермен үйлестіреміз. Көмірге отын ретінде барынша «жасыл» баламасы газ болып отыр. Елге ауқымды газдандыру жұмыстары жүргізілді, - деп атап өтті ел Президенті.

Оның айтуынша, бүгінде республика тұрғындары экологиялық таза отынға қол жеткізген.

Бүгін сенімді экологиялық таза отынға 10 млн азаматымыз қол жеткізді. Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды сынды ірі қалаларда біз жылу-электр станциясын көмірден газға ауыстыруды жүзеге асырамыз. 2025 жылға қарай барынша ластанған 10 қалаға газ қосылып, баламалы қуат көздеріне ауыстырылады. Қазақстанның жаңғырмалы және баламалы энергетикада әлеуеті зор. Біздің жоспарымызға сәйкес, жаңғырмалы энергия көзінің энергия теңгеріміндегі үлесі 2030 жылға қарай кем дегенде 15%-ды құрауы тиіс, - деді Мемлекет басшысы.

Ол үшін нормативтік ортаны жетілдіріп, барынша тартымды жағдай жасалатын болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы