20 Ақпан 2020 2020, 18:45
Мемлекет басшысы жаңа заңға қол қойды
Салық базасын бүркемелеуге қарсы көпжақты конвенция ратификацияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Салық базасын бүркемелеуге қарсы көпжақты конвенция ратификацияланды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.Мемлекет басшысы "Салықтық базаны бүркемелеуге және пайданы салық салу аясынан алып кетуге қарсы іс-қимыл жасау мақсатында салықтық келісімдерге қатысты шараларды орындау жөніндегі көпжақты конвенцияны ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.