Мэлс Қосымбаев ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына толғау арнады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстаулық айтыскер ақын Мэлс Қосымбаев ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына толғау арнады.

Бұған дейін елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында тыңдалған толғау өнерді, өлеңді бағалай білер жандар тарапынан жоғары бағаланған болатын.
Толғау көне түркі дәуірі, Алтын орда дәуірі, орда билеушісі Берке хан, Мысырда билік құрған Бейбарыс сұлтан, Орхон-Енисей жазбалары мен олардың тағылымы, қазақ хандығы құрылуы жолындағы сан-сапат, шым-шытырық оқиғалар мен көрнекті тұлғалар, олардың елдік жолындағы ерен еңбектері мен ерліктері, қазақ хандығының құрылуы, қайсар хандар мен қайтпас батырлар, отаршыл империя уысына түспеу жолындағы арпалыстар, одақ кезінде ел-жер тұтастығын сақтау үшін басын тәуекелге тіккен Д.Қонаев, Ж.Тәшенов сынды ұлт қайраткерлерінің кесек тұлғасы мен кемел ісі, қазақ тарихына қатысты күллі оқиғалар тұтастай өріліп келіп тәуелсіздікпен, Елбасы Н.Назарбаевтың тәуелсіздікті нығайту бағытындағы кемел бастамаларын жырлаумен жалғасын табады.


Толғау – тәуелсіздіктің 30 жылдығына автордың тартуы және ел тәуелсізідігінің жырмен жазылған шежіресі деуге болады. Ақынның өзі бір сағаттан астам уақыт тоқтаусыз жыралған жылнама-жыр тыңдармандардың жүрегіне жетті деп ойлаймын, - деді Ноғаев.

Кешке арнайы қатысқан Облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы жыраулық дәстүр сабақтастығын жоғалтпай, ұлт тарихын, тәуелсіздікті терең толғауға арқау еткен ақынға ризашылығын білдірді.

Тәуелсіздік – ұлы ұғым, үлкен мереке, телегей тақырып. Сол құндылықты жыр жолдарымен кестелеген сөз зергері М.Қосымбаевқа, кештің мазмұнды өтуіне өлшеусіз еңбек сіңірген режиссер Серікжанға алғысым шексіз. Өнер – ұрпаққа қалар рухани мұра, өнерге жасалған қамқорлық, көрсетілген қолдау – келешек руханиятына салынған инвестиция, - деді ақын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы