Мельбурнде алты апталық локдаун енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы тәулікте бес миллион халқы бар Мельбурнде 200 жаңа SARS-CoV-2 жағдайы тіркелді. Билік локдун енгізуге балама таппай отыр.
Австралиялық Мельбурн билігі SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа толқынына байланысты алты апталық локдаун енгізді. Мегаполистің бес миллионнан астам тұрғыны кем дегенде бір жарым ай бойы үйде отыруы тиіс, деп мәлімдеді Виктория провинциясының премьер-министрі Дэниел Эндрюс.
Соңғы тәулікте Австралияның көлемі жағынан екінші үлкен қаласы - Мельбурнде коронавирустың 191 жаңа жағдайы анықталды.
Эндрюстің айтуынша, жұқтырудың жайылып кету тізбегін қадағалау мүмкін емес болып отыр.
Біз коронавирус салдарынан пайда болған дағдарыс аяқталды деп айта алмаймыз. Жұқтырғандар саны өте көп. Мұндай жағдайдға ешкім душар болғысы келмеді. Қабылданған шаралардың салдары үлкен болатынын білемін. Бұл үлкен сынақ болмақ. Бірақ мыңдаған жұқтыруды болдырмас үшін басқа амал жоқ, - деді ол журналистерге.
Оқушылардың көпшілігі қашықтықтан оқуға қайта оралады. Мейрамханалар тамақты тек үйіне жеткізу немесе өзімен алып кету қызметтерін ғана ұсынады. Локдаун тек Мельбурнға ғана қатысты болғанымен, бұл тәртіпке түгел Виктория штаты бағынады. Штаттың әкімшілік шекаралары жабық. Полиция мен ондаған әскери шекара өкілі австралиялық штаттармен шекараны бақылауда ұстайды.