«Бомба қойылды»: Ақтөбеде 6 мектепте алғашқы қоңырау тоқтатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 қыркүйек күні таңғы 8:30-да Ақтөбедегі №2 орта мектептің электрондық мекен жайына қаладағы №1, 2, 22, 21, 51, 56 мектептерге бомба қойылғандығы туралы хабарлама келіп түскен. Бұл туралы өңірдің Полиция департаментінің баспасөз қызметі айтты.
Мұндай хабардан соң білім мекемесіне бірден шұғыл қызмет пен саперлер тобы келіп жеткен. Оқушылар, мұғалімдер мен техникалық қызметкерлер дереу эвакуацияланды.
Полиция департаменті күдіктіні анықтау мен тұтқындау бойынша шұғыл іс-шаралар жүргізіп жатыр. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 273-бабы («Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша санкцияда бес жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.
Еске сала кетейік, Ақтөбеде мұндай жайт бірінші рет болып отырған жоқ. Бұған дейін білім мекемелеріне «бомба қойылғандығы» туралы хат екі рет түскен болатын. Алайда хаттың авторлары сол беті табылмады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы