Мектептердің маңайында 6 мың жаяу жүргінші қоршаулары орнатылған - ІІМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы модератор Шұғыла Тұрлыбек ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты.
ІІМ балалардың қатысуымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Жолдардағы балалардың қауіпсіздігі» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізді. Жол және коммуналдық қызмет өкілдерімен бірлесіп, жалпы білім беретін мекемелерге іргелес аумақтарға жаяу жүргіншілер өткелдерін қажетті жол белгілерімен, жаяу жүргіншілер қоршауларымен және басқа да техникалық құралдармен жабдықтау бойынша 5 мыңнан астам тексеру жүргізілді, - деді Шұғыла Тұрлыбек.
Ол атағандай, қазіргі уақытта мектептердің жанында 6 мыңнан астам жаяу жүргіншілер өткелі бар, мектептердің көлік жүретін бөлігінде 5,5 мың жасанды тегіс емес және лабиринт түріндегі 6 мың жаяу жүргінші қоршаулары орнатылған.
Тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті ұйымдарға бар кемшіліктерді жоюға 3 131 нұсқама берілді.Іс-шара барысында 45,5 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолы кесілді.3 037 жол қиылыстарынан өту ережелерін бұзу фактілері, 2 771 жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту ережелерін бұзу, 2 090 балаларды тасымалдау ережелерін бұзу, оның ішінде 1 109 автобустың алдыңғы орындықтарында балаларды ұстайтын құрылғыларды пайдаланбау фактілері, 1 811 маршруттық көлік құралдарын тоқтату ережелерін бұзу анықталды, - деді ол.