Мектептердегі тұрақты эпидемиологиялық жағдай туралы айтуға әлі ерте

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай деді. 

Бүгінгі таңда мектептердегі тұрақты эпидемиологиялық жағдай туралы айтуға әлі ерте. Өйткені, 1 қыркүйектен бастап 180 адамға дейінгі кезекші сыныптар мен мектептердегі онлайн оқытуды ескере отырып, жағдайды бағалау үшін 14 күндік бір инкубациялық кезең әлі өткен жоқ, - деді ол. 

Министр, сондай-ақ, балалар арасында ЖРВИ мен тұмаудың маусымдық өсімі жайында да ұмытпау керегін ескертті.
ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанудың 70%-ы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркеледі. Иммунитеттің төмендеуіне байланысты ЖРВИ мен тұмаудан зардап шеккен балалар КВИ жұқтыру қаупіне көбірек ұшырайды. Мысалы, егер отбасының бір мүшесі тұмаумен ауырса, онда барлық отбасы мүшесі де ауырып қалуы мүмкін. Ал егер оған КВИ қосылса, қандай нәтиже болатынын елестетіп көріңіз, - деді Цой.

Министрдің айтуынша, 15 қыркүйектен 15 қазанға дейін вакцинация кезінде халықтың осал топтарын және тұмау инфекциясымен жиі ауыратын балаларды қорғауға мүмкіндік бар.
Біз үшін бұл өте маңызды. Сондықтан бірінші тоқсанды осы форматта сақтауды ұсынамыз. Алдағы уақытта ұйымдастырылған ұжымдарда қандай сырқаттанушылық бар екенін зерттеген соң, бұл мәселені ведомствоаралық комиссияға шығарамыз және қосымша қарайтын боламыз, - деп нақтылады ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы