Мектептердегі қауіпсіздік күшейтіледі – ІІМ

Елдегі террористік тұрғыдан осал объектілерде, оның ішінде мектептерде қауіпсіздікті күшейту шаралары қолға алынады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ІІМ-де Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Мәдениет және спорт министрліктерінің және күзет ұйымдары қауымдастығының өкілдерімен Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз ету Тұжырымдамасының жобасы талқыланды. Азаматтардыңкөп баратын орындарындағы құқықтық тәртіп азаматтардың қауіпсіздік сезімін қалыптастыратын негізгі индикаторлардың бірі екендігін ескере отырып, кездесуде көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері қаралды, - деп атап өтті ведомство өкілі. 

Айтуынша, проблемаларға бағдарланған талдау негізінде, оның ішінде азаматтардың белсенді қатысуымен қызмет атқарудың жаңа нысандары мен әдістерін енгізу мәселесі көтерілді. 

Күзет ұйымдары қауымдастығы полицияға жәрдемдесу үшін ресурстық базасы бар күзет ұйымдарының әлеуетін пайдалану жөнінде ұсыныстар енгізді. Сондай-ақ террористік тұрғыдан осал объектілерде, оның ішінде мектептерде қауіпсіздікті күшейту шаралары да ұмыт қалған жоқ. Ғимараттардың дизайны, ландшафт және сыртқы орта қылмыстың алдын алу операцияларын орындауға кедергі келтіруі мүмкін деген болжамдар да қаперге алынды. Өңірлерде бейнебақылау камераларын ұлғайту, көше жарығын орнату, сондай-ақ халықтың демалу орындарында қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттігі айтылды, - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы