Мектептердегі интернет жылдамдығының төмендігі туралы ақпаратқа түсініктеме берілді

Мектептерді қаржыландыру әкімдіктердің құзырында. Сәйкесінше, мектептерді интернетпен қамтамасыз етуге қаржыны өңірлердің әкімдіктері мен мәслихаттары бөледі,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мектептерде интернет жылдамдығының төмендігінің бірнеше себебі бар. Олардың ішінде техникалық жағдайлардың жоқтығы (оптикалық талшықты желілер және т.б.). 

Сонымен қатар кейбір мектептерде жоғары жылдамдықты интернетке қосылуға техникалық мүмкіндік бар. Бірақ оның жоқтығы мектеп директорларының үнемдеуінен емес, әкімдіктер мен мәслихаттардың мектептерді қажетті тарифтік жоспарға қосу үшін жоғары сапалы интернетке бастапқыда жеткілікті көлемде қаржы бөлмейтіндігінен. 

Бұл жерде әрине, әкімдіктерден бөлінген қаражаттың жетіспеушілігінен мектеп директоры немесе білім бөлімінің басшысы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ете алмайды. Бұған дейін министрлік алғаш рет білім саласы үшін әкімдіктерге бөлінетін қаржыны жариялағанын айта кетейік. 

Ақпарат сайтта және әлеуметтік желілерде қолжетімді. 

Министр Бағдат Мусин атап өткендей, әкімдіктерге интернетке қосылу бойынша келісімшарттар жасауды орталықтандыру, ал әкімдіктерге мектеп ішінде Wi-Fi және жергілікті желілерді орнату үшін қосымша қаражат бөлу тапсырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы