Биыл мектептерде «алғашқы қоңырау» жексенбіде соғылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мектептерінде «алғашқы қоңырау» аптаның жексенбісінде соғылады, деп хабарлады Алтайньюс. 

Салтанатты жиын 1 қыркүйекте Қазақстанның барлық мектебінде өтеді. Бұл ақпаратты Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі растады.

"Жиын 1 қыркүйекте өтеді, алайда бұл күні оқушылар сабақ оқымайды", – деп хабарлады Білім және ғылым министрлігі

«Білім туралы» Заңға сәйкес, бірінші сыныпқа Қазақстандағы балалар 6 жастан бастап барады. 

Осы орайда айта кетейік, 2018-2019 оқу жылында еліміздегі 7024 мектептің табалдырығын 3 миллионнан астам оқушы аттады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы