Мектептерде жаңа сабақ пайда болады

Қазақстандық мектептерде жаңа сабақ пайда болады, деп хабарлайды BAQ.KZ Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Оқу бағдарламасына буллингке қарсы іс-шаралардың бірі - "Қауіпсіздік сабағы" енгізіліп жатыр. Мұның барлығы отандық білімнің сапасын арттыруға, балалар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта құруға бағытталған, - делінген ведомство хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, 87 мың қазақстандық оқушы оқу жылын жаңа мектептерде қарсы алып жатыр. Жалпы 2024-2025 оқу жылы 536 мың оқушы орнына арналған 302 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Қыркүйектен бастап мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналарға арналған 3,5 мың кеңес беру пункті өз жұмысын бастайды. Колледждерде оқитын 300 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы 50 пайызға артқан. 1,7 миллион оқушы мектептерде тегін тамақтанумен қамтылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы