Мектептерде оқу жылы қайта қысқартыла ма?

Оқу-ағарту министрлігі оқу жылын қысқарту мәселесін қарастырып жатқан жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді.

Бұл мәселе қарастырылып жатқан жоқ. Оқу жылының басында ата-аналар мен оқушыларымызға биылғы оқу жылы 36 аптаға созылатынын хабарлаған болатынбыз. Оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары, күнтізбелік және тақырыптық жоспарлау мемлекеттік білім беру стандартын және білім беру бағдарламаларының талабын орындау мақсатында күндер санына құрастырылған. Сол себепті мұндай мәселені көтеріп отырған жоқпыз, - деп айтты вице-министр Шолпан Каринова.

Былтыр министрлік жазғы демалысты қысқартып, оқу жылын 31 мамырға дейін ұзарту туралы шешім қабылдаған болатын. 

Нақтырақ айтқанда, жазғы демалыс 1 маусымнан 31 тамызға дейін 92 күнге созылады. Ал оқушыларымыз үшін соңғы қоңырау 1 маусымда соғылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы