Мектептерде ата-аналар академиясы құрылады

Биыл ел мектептерінде тұрақты жұмыс істейтін ата-аналар академиясы құрылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің алқа отырысында министр Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ата-аналар баласының біліміне сенімді болуы керек. Біз осы бағытта көп жұмыс істеуіміз керек. Білім беру сапасын сырттай, тәуелсіз бағалау жүйесі аса қажет,  мектептердің аттестаттау жүйесін реттеу арқылы, диагностикалық бағытта жұмысты күшейтеміз, - деді Ғани Бейсембаев.

Ол министрлік мектептермен бірге мұғалімнің формативті бағалауы мектепішілік бақылауда, оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізуде, мемлекеттік аттестация кезіндегі білім кесінділерінің арасындағы алшақтықтың азаюын қамтамасыз ететінін хабарлады.

Ата-аналармен жұмыстың мазмұны мен форматы трансформациялануы керек, мектепті басқару ісіне ықпал етуін дамыту арқылы оларды мектепке тарту, қызықтыру бағытындағы жұмыстар қолға алынуы тиіс. Биылдан бастап мектептер жанынан тұрақты жұмыс істейтін ата-аналар академиясы құрылады, - деп түсіндірді Оқу-ағарту министрі.

Министр әлемдік дағдарыстар сынағынан өттік, ендігі ортақ міндетіміз – Мемлекет басшысының стратегиялық бағытының сабақтастығын қамтамасыз ету екенін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы