Мектептерде Ashyq жүйесі енгізіле ме? Есмағамбетова жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Қазір балалардың қыркүйектен бастап дәстүрлі форматта оқуы талқыланып жатыр. Мектепте оқитын оқушылардың саны өте көп. 3 миллионнан астам оқушы бала бар. Олар вирусты мектепте жұқтыруы да мүмкін, мектепке алып келуі де мүмкін. Сондықтан университет пен мектептерде Ashyq жүйесін енгізу талқыланып жатыр, - деді ол.

Есмағамбетова айтқандай, мұғалімдер дәстүрлі форматта оқуы үшін міндетті түрде вакцина алуы керек.

Бұл – балалардың қауіпсіздігі. Мектептер мен балабақшаларға Ashyq жүйесін енгізуге келетін болсақ, телефон ұстауға болмайтын мектептерде кіреберістегі күзетшіге ЖСН айту арқылы кіруге болады. Бұл бас санитардың қаулысында да айтылған, - деді Есмағамбетова.

Осыған дейін министр Алексей Цой қандай өңірлерде өлім көп тіркелгенін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы